Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы

Скачати
Документи
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
ОРТАҢҒЫ ТОП

(4 жастан бастап 5 жасқа дейінгі балалар)

 

СУРЕТШІЛЕРДІҢ СУРЕТТЕР КӨШІРМЕСІНІҢ ТІЗІМ ҮЛГІСІ

 

Ә. Қастеев «Киіз үйді безендіру»

А. Ғалымбаев «Дәмді шәй», «Дастарқан»

М. Кенбаев «Текемет басу».

В. Токарев «Көктем ертегісі»

В. Яценко «Көктем»

Б. Окороков «Шекарашылар»

П. Фомин «Мамырдың басы»

Ю. Кугач «Сенбі күні», «Отбасы»

И. Левитан «Алтын күз»

И. Хруцкий «Гүлдер мен оның жемісі»

Г. Нисский «Қар үстінде»

П. Кончаловский «Натюрморт»

В. Васнецов «Алёнушка»

В. Серов «Шабдалды қыз»

И. Панов «Алғашқы қар»

Кітаптағы Ю. Васнецов, В. Лебедев, Ю. Коровин, Е. Рачеевтің суреттері. Тұрмыстық заттар, шеберлердің сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын, ұлттық тұрмыстық және мерекелік киімдерді қарастыру.

 

 

МҮСІНДЕУ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

 

Заттық мүсіндеу

Қиярлар

Бауырсақтар

Печеньелер

Ірімшік салынған нандар

Дәмді алмалар мен жидектер

Үлкен және кішкентай саңырауқұлақтар

Үлкен және кішкентай сәбіздер

Апельсиндер мен лимондар

Арба

Баян сұлу аруы (ұзын көйлекті қыз)

Бұйра тоқты

Тотықұс

Сәнқой түлкі

Батыл әтеш

Аққоян

Күбі

Аққу

Мимозаның бұтақтары

Үйрек

Аққала

Пирамида

Кесе

Табақ

Әдемі табақ

Кірпі

Сюжеттік мүсіндеу

Үйрек пен балапандары

«Түлкі мен оқтау» ертегісінің желісімен (түлкі мен оқтау, түлкі мен үйрек, түлкі мен қаз)

Ботаның отбасы

Кірпінің отбасы

Қысқы шеңберде айтылатын әңдер (ұзын тонды қыздар) - ұжымдық жұмыс

Құстар ауласы

Өз бетінше мүсіндеу

Достарыма арналған тағамдар (алма, саңырауқұлақ, сәбіз, т.б.)

Әжеме арналған тағамдар (бауырсақтар, печеньелер, ойықтар, кәмпиттер)

Жаңа жылдық шыршаға арналған безендірулер (жұлдызшалар, шарлар, алқалар, т.б.)

Сүйікті ойыншықтар (түлкі, әтеш, пирамида, қоян, мысықтар).

 

 

СУРЕТ САЛУ ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

 

Заттық сурет салу

Дәмді алмалар

Үлкен және кішкентай сәбіздер

Үй

Пирамида

Арба

Түсті шарлар

Апельсиндер мен лимондар

Ақшақар

Аққала

Секеңдеген лақ

Бұйра тоқты

Шырша шарлары

Тотықұс

Сәнқой түлкі

Батыл әтеш

Аққоян

Мысық

Гүлдейтін жеміс ағашы

Ерке мимоза

Менің анам

Көктемгі гүлдер (бәйшешек, бақбақ, қызғалдақ, қоңыраугүл)

Сюжеттік сурет

Алтын күз (ағаштар мен бұталар)

Бақшадаға алма ағаштары

Күз бейнесі (саңырауқұлақтар)

Мерекеге дайындық

Мерекелік от шашу

Аквариумдағы балықтар

Біздің әсем шыршамыз (шырша мен ойыншықтары)

Қысқы табиғаттағы шыршалар

Қысқы пейзаж

Қарлы ертегі

Гүлді алма ағаштары

Бақбақтар

Сәндік сурет

Қазақ оюларының элементтерін (жолақшада) салу.

Орамалды әшекейлеу (қазақ ұлттық ою-өрнектерін шаршыға салу).

Табақты әшекейлеу (қазақ ұлттық ою-өрнектерін дөңгелек пен сопақшаға салу).

Торсықты әшекейлеу (қазақ ұлттық ою-өрнектерін тіктөртбұрышқа салу).

Тақияны әшекейлеу (қазақ ою-өрнектерін жолақша мен дөңгелекке салу).

Қамзолды әшекейлеу (қазақ ою-өрнегін киімнің жиегіне салу).

Алжапқышты әшекейлеу (қазақ ою-өрнегін киімнің жиегіне салу).

Қазақтың ұлттық бас киімін әшекейлеу (сәукеле).

Сырмақты әшекейлейік.

Өз бетінше сурет салу

Не салғым келсе, соны саламын

Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды?

Қандай заттың пішіні шаршыға ұқсайды?

Түрлі-түсті үшбұрыштар

Ертегілер елінде (реңктер мен шағылысулар)

Күн шуақтары (жылы түстердің реңктері)

Ай шуақтары (суық түстердің реңктері)

Анама суретімді сыйлаймын

Сүйікті ойыншығым (балалардың таңдауымен)

Мені қызықтыратын жануарлар (балалардың таңдауымен: қоян, түлкі, тоқты, мысық).

 

 

ЖАПСЫРУ БОЙЫНША ТАҚЫРЫПТАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

 

Заттық жапсыру

Піскен алмалар

Қияр мен қызанақтар

Үлкен және кішкентай сәбіздер

Үй

Пирамида

Арба

Апельсиндер мен лимондар

Ақшақар

Аққала

Бұйра тоқтылар

Шыршадағы шарлар

Әдемі құс

Түлкі-түлкішек

Алтын айдарлы әтеш

Ақ көжек

Мимоза бұтағы

Бәйшешектер

Жалаушалар

Сюжеттік жапсыру

Саңырауқұлақтар

Жолдағы бауырсақ

Шыршадағы алқалар

Ұшақтар ұшып барады

Аквариумдағы балықтар

Ашықхаттағы әдемі гүлдер

Көгалдағы балапандар

Поезд (ұлсымдық жұмыс)

Гүлденген көгал (ұжымдық жұмыс)

Сәндік жапсыру

Қазақ оюларының элементтерін құрастыру (жолақшада).

Орамалды безендіру (қазақ ұлттық ою-өрнектерін шаршыға құрастыру).

Табақты безендіру (қазақ ұлттық ою-өрнектерін сопақшаға және дөңгелекте құрастыру).

Торсықты безендіру (қазақ ұлттық ою-өрнектерін тіктөртбұрышқа құрастыру).

Тақияны безендіру (қазақ ұлттық ою-өрнектерін жолақша мен дөңгелектерге құрастыру).

Камзолды безендіру (киімнің жиектеріне қазақ ұлттық ою-өрнектер құрастыру).

Алжапқышты безендіру (киімнің жиектеріне қазақ ұлттық ою-өрнектер құрастыру).

Қазақтың ұлттық бас киімін безендіру (сәукеле).

Сырмақты безендірейік.

Өз бетінше жапсыру

Не қаласам, соны қиып, жапсырамын

Қандай заттың пішіні дөңгелекке ұқсайды?

Қандай заттың пішіні шаршыға ұқсайды?

Түрлі-түсті үшбұрыштар

Құттықтау ашықхаттары

Анама не сыйлаймын?

Сүйікті ойыншығым

Сүйікті жануарлар (балалардың таңдауы бойынша: қоян, түлкі, тоқты, мысық және т.б.)

 

 

ЗЕРТТЕУ-ІЗДЕСТІРУ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

ТАПСЫРМАЛАР МЕН ОЙЫНДАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАР ҮЛГІСІ

 

Қармен және мұзбен ойындар

Қардан мүсіндер жасап, қар лақтырысып ойнау. Қардың суға айналуы және суды қатыру. Түрлі-түсті мұздар (суды бояп, қатыру).

Сабын сумен және көбікпен ойындар

Сабын көбікті жіберу, түтік арқылы сабын суға үрлеу.

Айнамен ойындар

«Шағылысқан күн сәулелерін жіберу», «Күнді ұстап ал», «Айнада не бейнеленген?».

Сумен ойындар

«Батады - батпайды», «Жүзеді - жүзбейді», Бояуларды араластыру (керемет тамшылар).

Жарықпен және көлеңкемен ойындар

«Көлеңкелі театр», «Кімнің көлеңкесі қызықты», «Бұл кімнің көлеңкесі, тап», «Жасырынбақ» (фонардың көмегімен қараңғыда затты іздеу).

Шынымен ойындар

«Әлем, түсін өзгертеді» (түрлі-түсті шыны арқылы қарау). «Құпиялы суреттер» (түрлі-түсті шыны арқылы суреттер қарау: қандай бейнелер көрінбей қалады). «Бәрін көреміз, бәрін білеміз» (үлкейткіш шыны арқылы қарау).

Дыбыстармен ойындар

«Сылдырмақтар», «Дыбыс шығаратын бөтелкелер» (ішін суға, құмға толтырған немесе бос бөтелкені балғамен ұрса, қандай дыбыс шығарады?), «Не сықырлайды, не даңғырлайды?»

 

 

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ШЫҒАРМАЛАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

 

Жануарлар әлемі

С. Боранбаев, «Лақ»

Т. Рахимов «Ақ лақ»

С. Сауытбеков «Лақтың кеңесі»

Ә. Дүйсенбиев «Ақ тайлақ»

Т. Жексенбай «Лақ пен бұлақ» «Бақа мен балық»

С. Михалков «Сүзеген Серкеш»

С. Қасиманов «Төрт түлік»

«Ат пен есек» қазақ ертегісі

«Бұлан» түркімен халық ертегісі

«Адасқан құмырсқа» қазақ халық ертегісі

«Тауық пен қоян» африка халық ертегіс

«Мақтаншақ қоян» өзбек ертегісі

М. Жаманбалинов «Кім не жейді?»

С. Көбеев «Құстың ұясы»

О. Асқар «Мысықпен тілдесу»

Өсімдіктер әлемі

Т. Молдағалиев «Жапырақтар»

М. Әлімбаев «Қоңыраугүл»

К. Ахметова «Алтын дән»

К. Баянбаев «Қойбүлдірген»

Ю. Тувим «Көкөністер»

М. Төрежанов «Шие тергенде»

Б. Әдетов «Ағаштың беті»

Т. Молдағалиев «Өрік гүлдеп»

Қ. Елемес «Бір тал шөп» (ертегі)

Ж. Әбдікерейұлы «Жауқазын»

Н. Құмар «Тәтті алма»

Өлі табиғат

М. Әлімбаев «Кемпірқосақ», «Мұз сүңгісі»

К. Көпішев «Мұз айдыны»

И. Суриков «Қыс» (жатқа айту)

Б. Жақып «Сырғанақ»

«Жаңбыр, жаңбыр», «Кел көктем» орыс халықтарының тақпақтары (жатқа айту)

Қолдан жасалынған әлем

Ә. Дүйсенбиев «Тентек доп»

Н. Әлімқұлов «Барабан»

Ә. Табылдиев «Кеме» (жатқа)

А. Барто «Барабан» «Кеме» (жатқа айту)

Е. Благинина «Жалауша» (жатқа айту)

Қ. Мырза Әли «Ойыншықтар»

Б. Ысқақ «Ойыншықтар»

Ғ. Өкеев «Топ, топ, добым»

Ш. Смаханұлы «Қуыршақ»

Ж. Смақов «Сылдырмақ»

«Қолғап», украин халық ертегісі (түсінік айту).

Б. Житков «Мен не көрдім»

Өзіңді таны

М. Әлімбаев «Ренжіме»

К. Ушинский «Күте біл»

С. Қалиев «Машинаны анам әкелді»

Адами қарым-қатынастар әлемі

Ә. Дүйсенбиев «Бір күні өзен басында»

Б. Данабеков «Қайырымды бала»

Н. Қадырбаев «Түсінісу»

В. Маяковский «Жақсы деген немене ...»

«Екі қомағай қонжық» венгер халық ертегісі

«Қаздар мен аққулар» орыс халық ертегісі

«Әтеш пен бұршақ дәні» орыс халық ертегісі (түсінік айту).

Қоғам

Менің үйім мен отбасым

Н. Исахметов «Әже»

Ә. Тәжібаев «Менің атам»

Ш. Перро «Қызыл телпек»

П. Воронько «Бәліш»

Адамдардың еңбегі

Ө. Тұрманжанов «Еріншек егінші мен еңбекқор құмырсқа»

Ы. Алтынсарин «Әке мен бала»

М. Әлімбаев «Жұмыстың жаманы жоқ»

Ф. Оңғарсынова «Зергер»

С. Оспанов «Бақыт деген немене?»

С. Мәуленов «Бәрі-бәрі жұмыста» (жатқа айту)

М. Әлімбаев «Жаңбыр»

К. Ыдырысов «Тіл алғыш жауын»

Ы. Алтынсарин «Бұл кім?»

А. Барто «Көмекші» (жатқа айту)

Қоғамдық өмірдің оқиғалары

К. Ыдырысов «Менің елім», «Жайлауда»

М. Әлімбаев «Асфальттағы суреттер»

Ә. Дүйсенбиев «Ашық күн»

С. Дүйсенбиев «Шырша да жылайды»

С. Қалиев «Аққала» (жатқа айту)

А. Барто «Жалауша» (жатқа айту)

Мезгілдер

Ә. Табылдиев «Жыл мезгілдері» (жаттау)

Ш. Ахметов «Бұл қай кезде болады?»

Ә. Табылдиев «Кемпірқосақ»

Б. Әбілов «Көктем сәні»

I. Жансүгіров «Жаз»

А. Асылбек «Көктем» (жаттау)

 

 

МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

 

Ән тыңдау

Е. Құсаинов «Менің сүйікті атам», «Көңілді арбакеш»

А. Меңжанова «Әлди-әлди»

«Әй-әй бөпем» халық әні

Қ. Шілдебаев «Домбыра»

Б. Жүсіпалиев «Көңілді марш»

Б. Жүсіпалиев «Қуыршақтың мұңы»

И. Глинка «Полька»

«Қамажай» қазақ халық әні

А. Қоразбаев «Кеш жарық»

«Үкілім-ай» халық әні

Е. Хасанғалиев «Күн дидарлы Қазақстан»

Д. Ботбаев «Күз әуені», «Қыс әні»

Б. Балденбаев «Қош келдің, Аяз ата»

А. Мамыров «Мен сағындым»

В. Моцарт «Қоңыраулар үні»

Е. Хасанғалиев «Анаға сәлем»

«Ақсақ құлан» қазақ халық әуені

С. Мұхамеджанов «Бүгін қай күн»

И. Нүсіпбаев «Домбырасыз ән қайда?»

Д. Ботбаев «Наурыз айы»

Н. Тілендиев «Көгершіндер әні»

Ә. Беспаев «Батыр бала Болатбек»

Оркестрлік нұсқа «Табиғат әуендері»

Вивальди «Қыс» (үзінді)

Ән айту

Ө. Байділдаев «Балақан да, балапан»

Н. Тілендиев «Бесік жыры»

Б. Қадырбекова «Құттықтаймын ана»

Б. Аманжолов «Тәтті нан»,

Д. Ботбаев «Жаңбыр»

И. Сапарбаев «Ойыншықтар»

Қ. Шілдебаев «Кірпі», «Қыс»

Ө. Байділдаев «Мысығым»

Л. Хамиди «Шырша жыры», «Дала аппақ»

И. Нүсіпбаев «Қандай суық қыс деген», «Біздің балабақшамыз»

Т. Тайбеков «Мен бақшаға барамын»

А. Асылбеков «Біз өмірдің гүліміз»

Ә. Бейсеуов «Ақ мамам»

Б. Байқадамов «Кел, билейік»

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау

«Қамажай» қазақ халық әні

«Айгөлек» қазақ халық әуені

«Жоғары және төмен дыбыстарды тап» металлофонда

«Жаңбыр» - шапалақтап, үшбұрышта

«Тышқан» - шапалақтап, сылдырауықта

«Күшігім» - шапалақтап, дабылда

«Светит месяц» - орыс халық әуені

В. Моцарт «Қоңыраулар үні»

«Калинка» - орыс халық әуені (үшбұрышта, сылдырауықта, маракаста,металлофонда).

«Суық және жылы жел» - металлофонда

«Барлық бала жиналды» - балалардың қалаған аспаптарында ойнау

«Кернегей» - шапалақтап, сылдырауықта

«Наурыз» - шапалақтап, сылдырауықта

Музыкалық-ырғақтық қимылдар

Е. Өміров «Сылдырмақпен ойын»

Қ. Шілдебаев «Жүгіру»

Е. Андосов «Біз билейміз»

«Жаңбыр», «Күн пен түн» қазақ халық әуені

«Бала бақшада» жұптасып билеу

«Наурыз той» қазақ халық әуені, жұптасып билеу

Е. Тиличеева «Марш»

И. Гуммель «Жүгіру»

«Вертушки» - украин халық әуені

«Матрёшкалар»

«Жапырақтар биі»

«Доп, секіртпе, ұшақ»

«Ах вы, сени» орыс халық әуені

«Гномдар» ұлдарға арналған би

Шөжелерім

«Құыршақтар» биі

Шабандоз ұлдарға арналған биі

Е. Брусиловский «Батырлар биі»

Т. Алинов «Бақа»

К. Қуатбаев «Түлкі мен қаздар»

Мельникова «Жаса, елім» (жұптасып)

Д. Ботбаев «Күз әуені»

Б. Бәлденбаев «Қош келдің, Аяз ата»

«Табиғат әуені» оркестрлік нұсқасы

«Ақсақ құлан» қазақ халық әуені

А. Бестібаев «Бесік жыры», «Вальс»

 

 

ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫ ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

 

«Бірінші болу»

«Белгіні тыңда»

«Алыптар мен ергежейлілер»

«Қақпа»

«Сыйлықтар»

«Кептерді қуып жет»

«Түсті автокөліктер»

«Өз жұбыңды тап»

«Біз көңілді балалар»

«Бірінші бол»

«Жапалақ»

«Поезд»

«Аттар»

«Құстар мен мысық»

«Қояндар»

«Қарғалар»

«Секіріп - бұрыл»

«Қорықпаймын»

«Допқа дейін жеткіз»

«Кім көп таспа жинайды?»

«Кеглиді соқ»

«Кім алысқа»

«Шарлар мен бағаналар»

«Лақтырып қағып ал»

«Қағып алып лақтыр»

«Екі ұшты нысана»

«Нысанаға тигіз»

«Қоймадағы тышқандар»

«Туннель ішімен еңбектеу»

«Кешікпе!»

«Көжектер»

«Сақинаны лақтыр»

«Құстардың ұшып келуі»

«Биік пен аласаның артында»

«Көбелектер, бақалар»

«Көпірдегі лақтар»

«Құлатып алмай, апар»

«Қиын өткел»

 

 

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР МЕН

ТІЛ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАР ТІЗІМІНІҢ ҮЛГІСІ

 

Дыбыстық және артикуляциялық аппаратының дамуы

«Қатты-ақырын-сыбырлап»

«Тез-ақырын»

«Аттар тұяқтарымен тарсылдатады»

«Болтушка» и другие

Сөйлеу барысында дұрыс тыныс алуын дамыту

«Сабын көбіктері»

«Шарды үрле»

«Құс мамығын үрле»

«Шар жарылды»

«Ақшақарлар ұшады»

«Жаңылтпаштар»

Тілдің дыбысталу мәдениетін дамыту

«Не дыбыстайды?»

«Әртүрлі сөздерді жинақта»

«Берілген дыбыспен сөздерді ата»

«Сөзде берілген дыбысты белгіле»

«Тазша балаға дыбыстарды айтып жібер»

«Сөздер ұқсас дыбыс шығарады ма?»

«Міне, осылай дыбыстарды атайды»

«Дыбысталатын сағат»

«Жаңғырық»

«Таза айту»

Грамматикалық сөздің құрылысын қалыптастыру

«Сендердің тілектерің - біздің тілегіміз»

«Кімнің үйі?»

«Кімде не бар?»

«Біреу және көп»

«Не қайда жатыр?»

«Тапсырма»

«Кім жоқ?, Не жоқ?»

«Дүкен»

«Айгүлге серуенге бару үшін не жетіспейді?»

«Сиқырлы қалта»

«Ұзақ сөйлеммен айт»

«Нені қайда салады?» (қантты - қант салғышқа және т.б.)

Сөздік қорын байыту

«Кім? Не?» (зат есімдер)

«Кім не істейді?» (етістіктер)

«Бұл қай кезде болады?» (сын есімдер)

«Бұл қай кезде болады?» тәулік бөліктері, жыл мезгілдері

«Қай жерде не бар?» (үстеу)

«Сөзді айтуға көмектес»

«Бір сөзбен айт»

«Керісінше айт»

«Бұл қай кезде болады?»

«Биік (ұзын, үлкен, кең, жуан) не болады?»

«Еркелетіп ата»

«Сипаттамасы бойынша таны»

«Сөз қос»

«Сөзді өзгерт»

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

«Қанша болды? Қанша қалды? Арлығы қанша?»

«Кімге қанша?»

«Кімде сонша?»

«Қандай ойыншық жасырынды?»

«Сандарды таны»

«Не өзгерді?»

«Кім тез жинайды?»

«Не екенін тап?» (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, текше, шар, цилиндр)

«Заттар қандай пішіндерден құралады?»

«Қай жерде не бар?»

«Мен айтқан жерге қой»

«Бұл қай кезде болады?»

«Кеше - бүгін - ертең»

«Керісінше айт» (тез - ақырын және т.б.)

«Не ұзын, биік, кең, жуан?»

«Ретімен орналастыр», бес көлемінде (мысалы, жоғары, төмен, төменірек, ең кішісі)»

Қоршаған ортамен таныстыру

«Бұл кім? Бұл не?»

«Не өзгерді?»

«Зоологиялық фриздер»

«Биологиялық фриздер»

«Заттық фриздер»

«Жыл мезгілдері»

«Ауылшаруашылық қызметкерлері не әкелді?»

«Нанды қалай өсіреді?» «Бізге күз не әкелді?» «Кімге не?»

«Қайдан сатып алуға болады?»

«Біз автобустамыз» («Біз дәрігердеміз», «Біз дүкендеміз», «Біз кинотеатрдамыз»)

«Жануарларды қалай күту қажет?»

«Гүлдерді күтеміз»

«Сиқырлы қалта»

«Жылы - суық»

Өзі және отбасы туралы білімі

«Мен»

«Менің сезімдерім»

«Менің отбасым»

«Менің ойларым»

«Менің әдеттерім»

«Мен білемін, үйренемін»

Адамгершілік нормалар мен қарым-қатынастары туралы түсініктері

«Кім көңілді, мұңды, ашулы?»

«Өз туыстарыңды таны» (суреттерінен)

«Бүгін өзімді не үшін мақтар едім?»

«Бүгін өзімді не үшін кінәлар едім?»

«Қандай болдым? Қандаймын? Қандай боламын?»

«Жақсы әдет»

«Жаман әдет»

«Құстарға қалай көмектесеміз?»

«Біз қалай ойнаймыз?»

«Дәмді-дәмсіз, пайдалы-зиян»

 


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

министрінің м.а. 2009 жылғы 21 қыркүйектегі

№ 439 бұйрығымен бекітілді

 

Мектепке дейінгі ересек жастағы

(5 жастан 6 жасқа дейінгі)

балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған

«Біз мектепке барамыз» бағдарламасы

 

МАЗМҰНЫ

 

1. Түсіндірме жазба

2. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру

3. Балалардың жас ерекшелігіне сипаттама

4. Күн тәртібінің үлгісі

5. «Денсаулық» білім беру саласының базалық мазмұны

6. «Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны

7. «Таным» білім беру саласының базалық мазмұны

8. «Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны

9. «Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны

10. Ойын

11. Еңбек

12. Мерекелер мен ойын-сауықтар

13. Ата-аналармен жұмыс

14. Пайдаланылған әдебиеттер

15. Қосымша

 

 

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Қазақстанның білім беру жүйесін жаңарту жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартын енгізу және мектепке дейінгі ұйымдағы, соның ішінде 5-6 жастағы балалар үшін, педагогикалық процесті бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету әзірлемелерін дайындау қажеттілігі туындап отыр.

Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» ұсынылып отырған бағдарламасы мектепке дейінгі 5-6 жастағы балаларды тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық аспектілерін ашады.

Бағдарлама түрлі өмір жағдайларында жинақталған тәжірибені қолданудың басты көрсеткіші ретінде балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған.

Бағдарлама классикалық және отандық мектепке дейінгі педагогика әзірлеген мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу тәсілдеріне, ішінара «Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқытудың типтік бағдарламасының» базалық қағидаларына сүйенеді.

Бағдарлама құрастырушылары мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңа Жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі қағидаларын бейнелейтін, бүгінгі күн талаптарына жауап беретін жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеуді мақсат етіп қойды.

Бағдарлама, ең алдымен, оқыту әдістемесін ғана емес, сонымен бірге, бақылау мен бағалау, өз іс-әрекетін жобалау мен баланың дамуын болжау әдістерін меңгерген шығармашыл педагогке арналған.

Ұсынылып отырған бағдарлама мазмұны позитивті әлеуметтенуді қамтамасыз етуге және балаларға негізгі құзыреттіліктерді меңгертуге, сонымен қатар әлеуметтік ортадағы оң қарым-қатынасқа қабілетті шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламалық материалды іске асыруда басты бағдар педагог пен тәрбиеленуші қарым-қатынасының құзыретті жүйесіне өту болып табылады. Құзыреттілікті танымдық мәселелерді дербес шешуге, өз айқындамасын анықтауға және адамға қоғамдағы өмір сүру нормалары мен ережелерін орындауға қажетті даму деңгейі ретінде қарастыра отырып, бағдарлама құрастырушылары, бұрынғы мектепке дейінгі балаларға арналған бағдарламаға қарағанда, осы бағдарлама әрбір мектеп жасына дейінгі баланың жеке мүмкіндіктеріне бағытталған деп есептейді. Бала бағдарламалық материалды меңгергенде өзінің іс-әрекетін өзі жоспарлауды, мақсат қоюды, оған қол жеткізу жолдарын табуды үйренуі тиіс.

Бағдарламада мектепке дейінгі білім беру мазмұнының алдыңғы және кейінгі сатылармен сабақтастығы айқын көрінеді.

Балалардың қажеттілігіне бағытталған педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңаша қарау бағдарламаны құрастыруда тәрбие міндеттерін біртіндеп күрделендіруді және оқу іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдануды қажет етеді. Мұндай жол барлығы түсіндірілетін және, көбінесе, баланың орыңдаушылық қасиеттері қалыптасатын оқытумен салыстырғанда, шығармашылық қабілеттілікті, дербестікті, дамытуға бағытталған.

Бағдарламаны іске асырудың негізгі міндеттері:

- бала бойында маңызды шешуші құзыреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын қолайлы пәндік дамытушы орта құру;

- тәжірибелік, танымдық, шығармашылық тәжірибе мен бала әрекетінің басқа да түрлерін қалыптастыру;

- патриоттық және Қазақстанның мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде тәрбиелеу арқылы бала бойына жалпы адамзаттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту;

- көп этникалық және көп мәдени мегаполисте ұлтаралық қатынастарды үйлестіру процесінде маңызды звено болып табылатын ұжымда ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру;

- баланы дүниежүзілік және жалпыұлттық құндылықтар рухында дамыту мен тәрбиелеу мақсатында отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның бірлескен мүмкіншіліктерін пайдалану;

- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бала денесінің толыққанды дамуы үшін қолайлы кеңістік құру;

- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.

Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың нәтижесі - үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға даяр тұлға болып табылады.

Бағдарлама бес білім беру саласын («Денсаулық», «Таным», «Қатынас», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта») қамтиды және баланың мектепте білім алуға бағытталған әлеуеттік мүмкіндігін ашуды көздейді.

Бағдарлама мазмұнын іске асыру белгілі бір мақсатқа бағытталған, бір-бірімен тығыз байланысты дербес бөлімдерден тұратын білім беру салаларының жұмысын жүргізу болып табылады.

«Денсаулық» білім беру саласында балалардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтының ережелерін саналы түрде сақтауын қалыптастыруға, бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін жетілдіруге бағытталған педагогикалық жұмыстардың шарттары мен мазмұны, міндеттері белгіленген.

«Қатынас» білім беру саласында байланыстырып сөйлеуін, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілдік әрекетке жеке қабілеттерін, мазмұнды диалог пен монолог құра білу іскерлігін, сауат ашу және жазуды меңгеруге дайындау мақсатында тілдік шығармашылығын көрсетуге бағытталған жұмыстардың мазмұны мен міндеттері қарастырылады.

« Таным» білім беру саласында баланың қоршаған ортада бағдарын кеңейтіп, толықтыру, салыстыру, талдау, жалпылау, байқау, үлгілеу, қарапайым іздеу әрекеттерін, табиғатты қорғау тәсілдерін меңгеруін, түрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық жұмыстардың міндеттерін, мазмұны мен шарттарын айқындап көрсетеді.

«Шығармашылық» білім беру саласында баланың қоршаған ортаға деген эстетикалық қатынасы мен ұлттық, классикалық және қазіргі көркем құралдардың дамуымен бірге қалыптасуы қарастырылады. Балалар шығармашылығы мен әрекеттерін біріктіру арқылы балалардың көркемдік қабілеттері қалыптасады. Балалар шығармашылығы - өзін, өзінің мүмкіндіктері мен қоршаған ортаны танитын және оларға өзінің көзқарасын білдіретін ерекше әлем.

«Әлеуметтік орта» білім беру саласында әлеуметтендіруді қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге қажетті балалардың әлеуметтік-мәдени тәжірибелерінің дамуы ретінде қарай отырып, еңбек және білім, білік, дағдыларын, қағидалар, құндылықтар, салт-дәстүрлер, ережелер, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар, бұл сала кіріктірілген сипатта төрт білім беру саласының мазмұнын іске асырады. Балалар әрекеттерін түрлендіруді ұйымдастыру негізінде олардың үлкендермен, құрдастарымен қарым-қатынас жасауда қарапайым өзін-өзі бақылау мен реттеу дағдыларын қалыптастырады.

Бағдарламада балалардың мәдени дағдылары, білімділігі, тұлғаның әлеуметтік қасиеттерінің дамуы және бірлесіп жұмыс жасауын, қоршаған ортаға қамқорлық, бәсекелестік және ынталылық, дербестік пен тәуелсіздік, әлеуметтік ортаға икемділік, мәдени және экологиялық сауаттылықты қалыптастыруға басты орын берілген.

Бағдарлама тәрбиешілерге, әдіскерлерге, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілеріне, мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына арналған. Бағдарламада базистік оқу жоспарына сәйкес ұзақтығы 25-30 минут болатын 15 сабақ (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті) қарастырылған.

Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені педагогтерге білім беру салаларын кіріктіру және қазіргі білім беру технологияларын таңдауда шығармашылықпен жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып, ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетіне жаңаша қарауды ұсынады.

Әрбір білім беру саласының мазмұнында мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың базалық білім, білік, дағдыларды меңгеру деңгейі бойынша күтілетін нәтижелер аныкталған.

Бағдарлама балаларды мектепте оқуға ойдағыдай бейімделуінің мазмұнын таңдау және жағдайларын анықтау негізінде балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық міндеттерін шешуді қарастырады.

Бағдарлама құрылымы

Бағдарлама түсіндірме жазба, мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру, күн тәртібінің үлгісі, базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу-іс-әрекетінде жүзеге асатын бес білім беру салаларының бағдарламалық мазмұнынан тұрады.

Бағдарламада ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әр түрі бойынша бағдарламалық материалды меңгеру көрсеткіштері ұсынылады.

Қосымшада:

1) қимылды ойындардың шамалық тізімі;

2) ұсынылатын көркем әдебиет шығармалары;

3) сурет салу, жапсыру, мүсіндеуден сабақтардың шамалық тақырыптары;

4) өнермен таныстыру үшін шамалық шығармалар;

5) музыкалық репертуар мен музыкалық-дидактикалық ойындар беріліп отыр.

 

 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ЖАСТАҒЫ

БАЛАЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ӘРЕКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлеріндегі режимдік кезеңі процесінде ересектермен және құрдастарымен мәдениетті қарым-қатынас жасауға әдеттендіру ары қарай жалғаса береді.

Баланың денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын жақсартуға, жүйке жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды балалар шаршап-шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орындағы мінез-құлық мәдениеті мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте маңызды.

Әртүрлі қозғалыс түрлеріне жаттықтыра отырып, балалардың оны түсініп, дұрыс, дәл орындауы қадағаланады. Бұл мақсатты жүзеге асыруда арнайы ережелері бар қимыл ойындары ойнатылады.

Балалардың күнделікті тұрмысын ұйымдастыру барысында бала дербестігінің, өзінің және құрдастарының өзін-өзі ұстау мінез-құлқының артқандығын сезіне білуі, яғни ересектер тарапынан қамқорлыққа мұқтаждығының азайғандығын ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну уақытының қысқаруы есебінен бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалысын дамытуға, өз бетінше көркемдік шығармашылықпен айналысуға бөлінетін уақыт мөлшері артады.

Ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу уақытының көлемі артып, берілетін бағдарламалық материалдар күрделене түседі. Күрделі мазмұнды материалдарды меңгерту барысындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (сауат ашу, математика, тіл дамыту) күннің бірінші жартысында жүргізіледі. Себебі, бала бұл уақытта мейлінше сергек, әрі белсенді болады. Оқу материалын балаға ойын арқылы жеткізіп, оны жалықтырып алмас үшін дер кезінде сергіту жаттығуларын жасату керек. Баланың эмоциясын және қимылдарын дамытуға әсер ететін жас ерекшелігіне сай тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану керек.

Бейнелеу шығармашылығынан, драмалау ойынан, сахналаудан тұратын балалардың түрлі дербес көркем әрекетін ұйымдастыру қажет. Өнімді іс-әрекет түрлерімен айналысу сабақтарында балаларды құралдар, атрибуттар әзірлеуге қатыстыру.

Ойын іс-әрекеті алуан түрлі бола түседі, балалар жаңа заттардың қолданылуын, олармен әрекет жасау түрлерін, адамдармен қарым-қатынасқа түсу жолдарын меңгереді. Тәрбиешінің алдында түрлі ойындарды қолдану, шығармашылықты, дербестікті, ерік сапаларын дамыту міндеттері тұр.

Жыл соңында ересектер тобындағы балаларда болашақтағы мектеп оқушысы ретінде үстел ойындарын ойнауға, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындауға, құрастыру мен мүсіндеуге деген қызығушылықты тәрбиелеу қажет.

Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен ерекшеленетін дамытушы орта құру оқыту мен тәрбиелеу процесінде өте маңызды рөл атқарады. Заттық дамытушы орта балалардың бір-бірімен, ересектермен қарым-қатынасын дамытуға бейімделіп жасалады. Сондықтан оның балалардың денесін, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуын қамтамасыз етуге қолайлы, әрі ыңғайлы болуы ескеріледі.

Топта еңбек әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Еңбек әрекеті арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасады. Осы мақсатта әртүрлі еңбек әрекеттерін ұйымдастыруға болады. Мысалы, тұрмыстық-шаруашылық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырған жөн. Еңбек ету барысында балалардың жұмысын мадақтап отыру арқылы оны жігерлендіріп, еңбек етуге қызығушылығын арттырып отыру көзделеді.

Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін педагог пен ата-аналардың бірлесіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші балаға қатысты мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық қатынас орнатып, оларды топтың өмірі мен қызметін ұйымдастыруға белсенді қатыстырып отыруы керек.

 

 

БАЛАЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СИПАТТАМА

 

Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Бала денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.

Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде бас ми қыртысының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы, көбінесе, жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды нысананы көздеп дәл лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады.

Бес-алты жасында саусақ қимылдарының жетілгендігі соншалық, бала өздігінен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қия алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.

Бес жастағы бала психикалық дамудағы елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.

5-6 жастағы баланың әлеуметтік даму ситуациясы ересектермен қарым-қатынас жасаудың ситуациядан тыс-жеке тұлғалық түрінің пайда болуымен ерекшеленеді. Дамудың алдыңғы кезеңінде қатынас мазмұны ситуациядан тыс болады, яғни сол ситуация шеңберінен шығады, теориялық болады. Ересек адам бала үшін білім көзі болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік қарым-қатынастардың, адамның іс-әрекетінің мәні мен нормалары жөніндегі білім көзі де болып табылады. Бала қарым-қатынас, моральдық нормалар жайлы сұрақтар қоя бастайды. Бұл жастағы бала өз күйзелісін, пікірі мен бағалауды ересектердің пікірімен ара салмағын анықтай алады. Мұндай қатынастың басты мотиві - өзара түсіністік пен әсерлену.

Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады. Ересек адам бала үшін жаңа білім көзі, күмәндәнудің шешімін табатын эрудит болады.

Егер 4-5 жастағы балалар ересектермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар мінез-құлық мәдениеті ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді. Жетекші мотив тұлғалық мотивке айналады. Қатынас жасаудың негізгі қозғаушы күші, нақты атқаратын қызметіне қарамастан, адам болып саналады

Бес-алты жастағы бала өзін барлық жағынан «жарылыс» (бұл, әсіресе, балабақшаға баратын балаларға тән) түрінде көрсете алады. Құрдастар ересектерден асып өтіп, бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны іскерлік ынтымақтастық пен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы, әсіресе, сабақ және ойын әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қарым-қатынас құзіреттілігі қалыптасады.

5-6 жаста сюжетті-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ертегі, кино, мультфильмдерден көріністер, ең бастысы, қоғамдық сюжеттер ойында басты орын алады.

Осы кезеңнің маңызды жаңалығы - мінез-құлық еркіндігі. Барлық психикалық процестер (қарапайымнан күрделіге дейін), қатынас жасай білу мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті - ойында дамиды. Мысалы, ойында рөл атқара отырып, бала ойын міндетіне барлық өзінің тезаралық, импульсивті әрекеттерін бағындырады. Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді. Ауыстырғыш заттармен ойнай отырып, шартты кеңістікті көз алдына ойша елестетеді. Көз алдына елестетін кеңістіктегі әрекет практикасы шығармашыл қиялды дамытуға мүмкіндік жасайды. Өнімді іс-әрекет түрлері - сурет салу, құрастыру ойынмен бір тұтасқан. Бала сурет сала отырып, қандай да бір сюжетті ойнайды, текшелерден құрастыра отырып, оны ойынға енгізеді. Мектепке дейінгі ересек жаста өнімді іс-әрекет нәтижесі дербес мәнге ие болады, сөйтіп ол ойыннан біртіндеп арылады.

Бұл кезеңде мінез-құлықтың жаңа маңызды еркін түрі пайда болады. Бала бұрын өзінің эмоционалдық көңіл-күйін кез келген ортада еркін көрсетсе, енді өзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. Дегенмен де бұл кезеңде өзін-өзі ұстай білу дағдысы қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет «өзін қалай ұстау керек?» деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, үлкендердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтардың пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады.

Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының барлық саласында көрініс табады және бекітіледі.

Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде баланың үлкендердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-дігін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.

Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы - танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.

Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің кескіні пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі ойлау ғана.

Көрнекі-бейнелі ойлау - ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі - ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі - елестету арқылы іске асырады.

5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.

Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.

 

 

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

 

Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған

 

Күн тәртібінің элементтері

Уақыты

(сағ., мин)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Ойындар, ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне дайындық.

7.30-9.10

«Ойнайық та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

9.10-10.40

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

10.50-12.50

«Ас - адамның арқауы»

Түскі ас

12.50-13.20

«Тәтті ұйқы»

Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Күндізгі ұйқыға жатқызу.

13.20-15.10

«Ұйқымызды ашайық»

Ұйқыдан ояну, шынықтыру шаралары. Бесін ас.

15.10-16.00

«Алақай, ойын!»

Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

16.00-17.40

«Ас - адамның арқауы»

Кешкі ас

17.40—18.00

«Ертеңге дейін...»

Балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас. Балалардың үйге қайтуы.

18.00-19.00
Портфель учня
© ruh.znaimo.com.ua
При копіюванні вкажіть посилання.
звернутися до адміністрації